Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    1°C
    • Астана
      -22°C
Ру

Екатерина Бивол қазақтар мен қырғыздарды қорлағаны үшін жазаланды

Фото көзі: IG/ @bivol_kate
Қаһар Бинахметов
Қаң. 30, 2026, 10:12 Т.Ж.
0
17

Санкт-Петербургтің Ленин аудандық соты танымал боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Биволды ұлттық және тілдік белгілері бойынша өшпенділік тудырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Сот шешімімен оған 60 сағаттық міндетті жұмыс жазасы тағайындалды.

Құқықтық тексеруге Telegram арналарының бірінде жарияланған бейнежазба негіз болған. Видеода Екатерина Бивол қазақтар мен қырғыз халқының намысына тиіп, балағат сөздер айтқан. Жүргізілген сараптама оның сөздерінде ұлтына қарамастан адамдар тобын кемсітуге бағытталған белгілер бар екенін растады.

Қалалық соттардың баспасөз қызметінің мәліметінше Екатерина Бивол Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 20.3.1-бабы (өшпенділікті қоздыру және адамдық қадір-қасиетті қорлау) бойынша кінәлі деп танылды.

Бұл оқиға өткен жылдың күзінде халықаралық деңгейде үлкен дау тудырған болатын. Қазан айының соңында Қазақстан билігі Екатерина Биволға ресми түрде іздеу жариялады. Сонымен қатар Қырғызстанда оған қатысты ұлтаралық және өңіраралық араздықты қоздыру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот оны сырттай тұтқындау туралы шешім шығарған еді.

Ресейде аталған іс өткен жылдың желтоқсан айында тіркеліп, жан-жақты тексеруден кейін сотқа жолданды. Сот Екатерина Биволдың іс-әрекетін адамның ар-намысын қорлау және қоғамдық араздықты тудыру ретінде біліктіледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады