Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    1°C
    • Астана
      -21°C
Ру

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі ауыс-түйіс: Жаңа министр тағайындалды

Фото көзі: gov.kz
Қаһар Бинахметов
Қаң. 27, 2026, 4:34 Т.Қ.
0
14

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшылығы ауысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Светлана Жақыпова қызметінен босатылып, оның орнына Асқарбек Ертаев тағайындалды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды» – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Жаңа министр Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбеде дүниеге келген. Оның кәсіби маңсабында банк секторындағы 14 жылдық тәжірибе мен мемлекеттік басқарудың жоғары буынындағы қызметі ерекшеленеді. Ертаев бұған дейін ұлттық экономика министрлігінде департамент басшысы, Президент әкімшілігі қауіпсіздік кеңесінің сектор меңгерушісі және Үкімет аппаратының экономикалық бөлімін басқарған. Ол 2024 жылдың тамыз айынан бері осы ведомствода вице-министр қызметін атқарып келген еді.

Светлана Жақыпова ведомствоны 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап басқарды. Оның министр ретіндегі қызметі әлеуметтік төлемдердегі коррупциямен күрес және зейнетақы жүйесін реформалау мәселелерімен тұспа-тұс келді. Жақыпова өз сұхбаттарында азаматтардың мемлекетті алдауға тырысуы және әлеуметтік көмекті заңсыз алу фактілеріне қатысты өткір пікірлерімен танымал болды.

Кадрлық өзгерістер мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы қаражаттың талан-таражға салынуына қатысты сынынан кейін орын алып отыр. Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру және денсаулық сақтау саласына бөлінген бюджет ақшасының ұрлануына қатысты қатаң ескерту жасаған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады