Дугин Қазақстанның егемендігін жоққа шығарды
Ресейлік идеолог Александр Дугин посткеңестік елдердің, соның ішінде Қазақстанның егемендігін жоққа шығарып, Мәскеудің қатаң бақылауындағы жаңа одақ құруды ұсынды. Оның пайымдауынша дербес мемлекеттер дәуірі келмеске кеткен, ал Орталық Азия мен Кавказ елдері Ресейдің жетекшілігімен бірігуі тиісі, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Дугин Орталық Азияның бес елін және Кавказ мемлекеттерін тізіп өтіп, олардың егемендігін заманауи шындыққа сәйкес келмейтін құбылыс деп атады. Оның пікірінше Ресейдің ықпал ету аймағына кірмеген кез келген аумақ Батыстың немесе Қытайдың плацдармына айналады.
«Егеменді Арменияның, Грузияның, Әзербайжанның, Қазақстанның, Өзбекстанның, Тәжікстан мен Қырғызстанның өмір сүруімен келісуге болмайды» – деп мәлімдеді Александр Дугин.
Идеолог Ресейді халықаралық құқықтан бас тартып, еуразиялық «Монро доктринасын» іске асыруға шақырды. Ол қазіргі ұлттық мемлекеттерді «өткеннің қоқысы» деп атап, жаңа саяси модельде ешқандай суверенитет сақталмауы қажет екенін қадап айтты. Дугиннің пайымдауынша Ресей Трамптың стилінде батыл әрі белсенді қарсыласу стратегиясына көшуі қажет.
Бұған дейін ресейлік тележүргізуші Владимир Соловьев те Орталық Азияда «арнайы операциялар» жүргізу мүмкіндігін қозғаған болатын. Ол аймақты «біздің Азия» деп атап, Ресейдің ұлттық қауіпсіздігі үшін Украинадағыдай іс-қимылдардың басқа нүктелерде де қайталануы мүмкін екенін меңзеді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз