Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    2°C
    • Астана
      -12°C
Ру

Дмитрий Бивол бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға қарсы сотта жеңіске жетті

Фото көзі: IG/ @bivol_kate
Қаһар Бинахметов
Жел. 24, 2025, 3:17 Т.Қ.
0
24

Санкт-Петербург қаласының Смольнин аудандық соты кәсіпқой боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Биволға қарсы талап арызын қанағаттандырды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Сот Екатерина Биволдың әлеуметтік желілерде таратқан мәлімдемелерін шындыққа жанаспайды деп танып, оны ресми түрде теріске шығаруды міндеттеді.

Тергеу барысында жауапкердің 2024 жыл мен 2025 жыл аралығында Instagram және Telegram желілерінде спортшының абыройы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат жариялағаны дәлелденді.

«Смольнин аудандық соты Дмитрий Биволдың Екатерина Биволға қарсы мәліметтерді шындыққа жанаспайды деп тану және теріске шығаруды міндеттеу туралы азаматтық ісін қарады» – деп хабарлады қалалық соттардың баспасөз қызметі.

Дмитрий мен Екатерина 2023 жылы ажырасқаннан кейін алимент көлеміне қатысты дау туындаған болатын. Алайда бұл жеке жанжал кейіннен халықаралық деңгейге ұласты.

Екатерина Бивол бұған дейін қазақ және қырғыз халықтарына тіл тигізгені үшін басы дауға қалды. Қазақстанның құзырлы органдары оған қатысты ұлтаралық араздықты қоздыру бабымен қылмыстық іс қозғап, ресми түрде іздеу жариялады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады