Динара Сәтжан емшіге қарсы сотқа жүгінбек
Тележүргізуші Динара Сәтжан өзін әлеуметтік желіде қорлады деген ақтөбелік «емшіге» қатысты сотқа жүгінетінін мәлімдеді. Бұл туралы ZontNews.kz. хабарлайды.
Оқиға әлеуметтік желіде басталған даудан кейін өршіген. Емші жариялаған бейнежазбада ол тележүргізушіге қатысты ауыр сөздер айтып, оның әрекетін сынға алған. Ал Динара Сәтжан бұл сөздерді жария түрде қорлау деп бағалап, құқық қорғау органдарына арыз түсіргенін айтты.
Журналистің айтуынша, ол емшінің заңды түрде жұмыс істеп жатқанына, салық төлеуіне, лицензиясы мен қызметінің заңдылығына қатысты сұрақтар туындаған. Сондай-ақ ол әлеуметтік желідегі мәлімдемелер қоғамды адастыруы мүмкін екенін атап өтті.
«Бұл – жария түрде қорлау. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 131-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған», – деді ол.
Сәтжан бұл іске өзінің адвокаты араласқанын және Ақтөбе облыстық полициясына ресми арыз берілгенін жеткізді.
Қазіргі уақытта тараптардың дауы құқықтық деңгейде қарастырылуы мүмкін екені айтылуда.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз