Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -2°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Демалыста Қазақстанда күн жылы болады

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Қыр. 4, 2026, 4:25 Т.Қ.

5–7 қыркүйек аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жылы әрі негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК болжамында айтылды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің көп бөлігі жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болады. Соның әсерінен күн ашық болып, аздаған бұлт байқалады.

Ал батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылуы мүмкін. Кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жел күшейеді.

Демалыс күндері барлық өңірде жаздағыдай жылы ауа райы орнайды. Дегенмен шығыс аймақтарда және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнгі салқын сақталады.

Өңірлер бойынша күндізгі ауа температурасы:

  • батыста, солтүстікте және орталықта – +25…+33°C;
  • шығыста – +20…+25°C;
  • оңтүстікте – +28…+37°C;
  • оңтүстік-шығыста – +20…+30°C;
  • оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында – +10…+20°C.

Ең жоғары температура елдің оңтүстігінде тіркеліп, күндіз ауа +37°C-қа дейін ысуы мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз