Бейсенбі, 6 Тамыз 2026 г.

$ 469.85
542.16
5.78
  • Алматы
    29°C
    • Астана
      25°C
Ру

Данияр Елеусіновке қатысты мәлімет тексеріліп жатыр

Фото көзі: : UGC
ZontNews.kz
Шілде 9, 2026, 9:20 Т.Ж.

Желіде Астанада болған екі жол-көлік оқиғасынан кейін Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Telegram-дағы Kozachkov offside арнасының мәліметінше, «Хан Шатыр» сауда орталығының маңында бірнеше көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алып, күдікті оқиға орнынан кетіп қалған. Кейін полиция көлікті Достық көшесінде тоқтатып, 35 жастағы жүргізушіні ұстаған. Жүргізушіден алкогольдік масаңдық белгілері байқалғандықтан, ол медициналық куәландыруға жіберілген.

Астана қаласының полиция департаменті жол-көлік оқиғасының болғанын және жүргізушінің ұсталғанын растағанымен, оның аты-жөнін жариялаған жоқ. Оқиға салдарынан зардап шеккендер болмаған, алайда бірнеше көлік зақымданған. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция заң алдында барлық азаматтың тең екенін атап өтіп, тергеу қорытындысына сәйкес жүргізушінің әрекетіне заң аясында баға берілетінін мәлімдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз