Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -2°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Бурабайда квадроцикл апатынан 22 жастағы қыз қаза тапты

Фото көзі: : ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті
ZontNews.kz
Шілде 9, 2026, 4:40 Т.Қ.

Ақмола облысындағы Бурабай аумағында квадроцикл аударылып, 22 жастағы Астана тұрғыны қаза тапты, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Оқиға 7 шілдеде Зеленый Бор мен Бурабай кенттері арасындағы жолда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз жалға алынған квадроциклді басқарып келе жатып, көлікті аударып алған.

Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмған. Көлікте болған 2007 жылы туған жолаушы медициналық көмекке жүгінген.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз