Болашақ чемпиондарға қолдау күшейді: қаржы мен жалақы өседі
Президент балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне көшіруді көздейтін заңға қол қойды. Енді бір спортшыға жылына шамамен 415 мың теңге бөлінеді (бұрын - 233 мың еді). Жаңа жүйе 2026 жылдан бастап іске қосылады, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Сондай-ақ, біліктілігі расталған жаттықтырушылардың жалақысы 30%-ға артады.
Бүгінде елімізде 526 спорт мектебінде 400 мыңға жуық бала жаттығады. Саланы дамытуға 2028 жылға дейін 74 млрд теңге бағытталады.
Сонымен қатар спорттық инфрақұрылым да қарқынды дамып келеді . Атырау облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында дарынды спортшыларға арналған заманауи мектеп-интернат салынуда.
Барлық шаралар болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз