Билік транзитінің жаңа тетігі: Президент мерзімінен бұрын кетсе не болады?
Астанада Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтіп, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған ұсыныстар талқыланды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған, яғни қызметінен өз еркімен кеткен немесе кенеттен қайтыс болған жағдайдағы іс-қимыл тәртібін түсіндірді.
Жаңа реформа аясында вице-президент институтына ерекше маңыз берілмек. Ол өтпелі кезеңде билік тұрақтылығын сақтайтын заңды өкілетті тұлға ретінде қарастырылады. Сонымен қатар биліктің демократиялық сабақтастығын қамтамасыз етуде Құрылтай шешуші рөл атқарады.
«Биліктің демократиялық сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған, шеттетілген немесе қайтыс болған күннен бастап 7 күн ішінде Құрылтай Президент сайлауын жариялайды. Сайлау Құрылтай шешім қабылдаған күннен бастап екі ай ішінде өткізілуі тиіс» – деп мәлімдеді Ерлан Сәрсембаев.
Бұдан бөлек, президентке ұлттық қауіпсіздік, қаржылық тұрақтылық және құқық үстемдігін қамтамасыз ететін негізгі мемлекеттік органдардың басшыларын жеке-дара тағайындау құқығын беру ұсынылды. Бұл тізімге келесі лауазымдар енгізілмек:
-
Бас прокурор мен Конституциялық сот төрағасы
-
Қарулы Күштер, Мемлекеттік күзет қызметі және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) басшылары
-
Жоғары аудиторлық палата мен Орталық сайлау комиссиясының төрағалары
-
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен)
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз