Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    2°C
    • Астана
      -12°C
Ру

Беларусь басшысы Тоқаевтың біліктілігіне тәнті болды

Фото көзі: Ақорда
Қаһар Бинахметов
Қаң. 16, 2026, 12:09 Т.Қ.
0
23

Беларусь президенті Александр Лукашенко кадрлық мәселелерге арналған жиын барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық дипломатиядағы тәжірибесі мен тіл меңгеру қабілетін жоғары бағалады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Беларусь басшысы шет тілдерін үйренудің маңызын сөз ете отырып, Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен болған диалогын мысалға келтірді.

Лукашенконың пайымдауынша, қытай тілін меңгерудегі басты кедергі иероглифтердің күрделілігі емес, адамның ішкі қорқынышында. Ол осы орайда Қазақстан Президентінің кәсіби өткеніне назар аударды.

«Ешбір іс адам баласының қолынан келмейтін емес. Қазақстан Президенті Тоқаев кезінде аудармашы болып жұмыс істеген, ол қытай тілін кәсіби деңгейде меңгерген. Менің пайымдауымша, Қазақстан Президенті өте зерек әрі парасатты тұлға. Ол үйрене алды ма, демек бұл кез келген адамның қолынан келеді» – деп мәлімдеді Александр Лукашенко.

Сондай-ақ Лукашенко Си Цзиньпинмен сұхбатында иероглиф жазуда «суретші болу міндетті емес» екенін, ең бастысы іске батыл кірісу қажеттігін атап өткенін жеткізді. Беларусь басшысы Қазақстан лидерінің білімін кадрлық резерв пен мемлекеттік қызметкерлер үшін мотивациялық үлгі ретінде атап өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады