Бектенов: Қазақстанда ЖИ ел дамуының негізгі драйверіне айналады
Шымкентте өткен Digital Qazaqstan 2026 халықаралық форумында Премьер-министр Олжас Бектенов цифрландыру мен жасанды интеллекттің ел дамуы үшін шешуші рөл атқаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
«Индустрия 5.0: Өзара әрекеттесудің күші» тақырыбындағы жиынға ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары, IT-сарапшылар, халықаралық компаниялар мен инвесторлар қатысып, 3 мыңнан астам делегат жиналды.
Пленарлық отырыста Бектенов жасанды интеллектіні дамытудың негізгі бағыттарын атады:
институционалдық негіз қалыптастыру;
цифрлық инфрақұрылымды дамыту;
адами капиталды күшейту.
Оның айтуынша, Қазақстан цифрландыру жаңа экономикалық модельдің негізіне айналатын кезеңге қадам басты. Осыған байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялаған.
Сондай-ақ Премьер-министр цифрлық құқықтардың Конституция деңгейінде бекітілуі елдегі технологиялық дамуға серпін беретінін атап өтті. Бұл қадам деректерді қорғау мен сенімді құқықтық орта қалыптастыруға бағытталған.
Форум аясында Олжас Бектенов ЕАЭО кеңістігінде жүк тасымалын реттейтін жасанды интеллект платформасын құруды ұсынды.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз