Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -2°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Базарбек жол апатына қатысты үндеу жасады

Фото көзі: : Виктор Федюнин / Kazinform
ZontNews.kz
Там. 17, 2026, 3:20 Т.Қ.

Бақытжан Базарбек Жамбыл облысында болған жол-көлік оқиғасына қатысты алғаш рет пікір білдірді. Ол тергеу аяқталғанға дейін түрлі болжамдарға ермеуге және ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Базарбектің сөзінше, жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Осыған орай ол және жұбайы тергеу мәліметтерін жарияламау туралы қолхат берген. Қазір бірқатар сараптаманың қорытындысы күтілуде.

Ол құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, заң аясында объективті баға беретініне сенім білдірді.

Базарбек қазіргі уақытта басты назар жол апатынан зардап шеккен азаматтың жағдайына аударылғанын айтты. Оның отбасы жарақат алған адамның жақындарымен байланыста болып, сауығып кетуіне тілектестік білдірген.

Сондай-ақ ол зардап шеккен азаматқа медициналық көмек көрсеткен дәрігерлерге, Денсаулық сақтау министрлігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына алғыс білдірді.

Әлеуметтік желілерде тараған түрлі болжамдарға қатысты Базарбек көпшілікті тергеу нәтижесі шыққанға дейін асығыс қорытынды жасамауға шақырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз