Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    22°C
    • Астана
      19°C
Ру

Бас прокуратура: сайлауалды үгіт ережесін бұзғандар жауапқа тартылады

Фото көзі: : Orda.kz.
ZontNews.kz
Шілде 23, 2026, 4:25 Т.Қ.

Бас прокуратура сайлауалды үгіт науқаны қарсаңында БАҚ, онлайн-платформалар, кандидаттар және сайлау процесіне қатысушыларға заң талаптарын еске салды, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Ведомствоның мәліметінше, үгіт материалдарын жариялайтын БАҚ пен онлайн-платформалар үгіт басталғанға дейін кемінде бес күн бұрын Орталық сайлау комиссиясына қызмет құны мен орналастыру шарттары туралы ақпарат ұсынуы тиіс. Бұл талапты бұзғандарға 30-дан 50 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған.

Сондай-ақ кандидаттарға сайлаушылармен кездесуге арналған орындар тең жағдайда берілуі қажет. Бұл талап сақталмаса, 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Бұдан бөлек, үгіт материалдарында оларды шығарған ұйым, тапсырыс беруші және қаржыландыру көзі көрсетілуі міндетті. Ал анонимді, шетелде дайындалған немесе осы сайлау науқанына арналмаған үгіт материалдарын пайдаланғаны үшін 25 АЕК айыппұл көзделген.

Заңды түрде орналастырылған үгіт материалдарын қасақана бүлдіргендерге 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бас прокуратура сайлау процесіне қатысушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз