Сенбі, 21 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    5°C
    • Астана
      -4°C
Ру

Банктер әскердегі сарбаздардың несиесін кейінге қалдырмаған

Фото көзі: Tengrinews.kz/Алихан Сариев
ZontNews.kz
Ақп. 26, 2026, 8:47 Т.Ж.
0
20

Банктер мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан сарбаздардың несие төлемдерін кейінге қалдыруды уақтылы рәсімдемеген. Соның салдарынан әскери қызметшілердің жалпы қарызы 300 миллион теңгеге жеткен. Бұл туралы ZontNews.kz сайты Бас әскери прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қадағалау органы мерзімді әскери қызметшілердің әскерде жүрген кезеңінде несие төлемдерін кейінге қалдыру құқығын қамтамасыз ету мақсатында тексеру жүргізген.

«Мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар туралы мәлімет алмасу барысында мемлекеттік органдар мен банк ұйымдары арасында тиісті өзара іс-қимылдың болмауына байланысты сарбаздарға несие төлемдерін кейінге қалдыруды уақытында рәсімдемеу деректері анықталды», – деп мәлімдеді Бас әскери прокуратура.

Әскери прокурорлардың араласуынан кейін әскери қызметшілер несиелерін тек қызметін толық өтеп келген соң ғана төлеуге мүмкіндік алды.

Қадағалау актісінің негізінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен бірлесіп, әскери қызметшілердің құқықтарын қатаң сақтау бойынша тиісті жұмыстар жүргізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз