Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    2°C
    • Астана
      -12°C
Ру

Баласын батареяға байлап сабаған әйел қамауға алынды

Фото көзі: Видеодан кадр
Қаһар Бинахметов
Қаң. 19, 2026, 12:48 Т.Қ.
0
17

Жетісу облысының Жаркент қаласында кәмелетке толмаған баласын аяусыз соққыға жыққан 28 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалдыі, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада анасының батареяға байланған баланы тепкілеп, басынан және денесінің өзге де тұстарынан ұрып жатқаны анық көрінеді. Оқиға кезінде баланың әкесі араша түсудің орнына, болған жайтты таспаға түсіріп тұрған.

Полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті ұсталды, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

«Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. 28 жастағы әйел ұсталып, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында отыр» – деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Көпбалалы отбасының екі баласы қазіргі уақытта Отбасын қолдау орталығына уақытша орналастырылды. Мемлекеттік органдар барлық мән-жай анықталғанға дейін балаларды қауіпсіз ортаға көшіру туралы шешім қабылдады. Іс материалдары тиісті құқықтық баға беру және ата-ана құқығын шектеу мәселесін қарастыру үшін қорғаншылық және қамқоршылық органдарына жолданбақ.

Қоғам белсенділері мен желі қолданушылары баланың өміріне қауіп төнгенін айтып, екі ата-ананы да қатаң жауапқа тартуды талап етуде. Тергеу барысы құзырлы органдардың бақылауына алынды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады