Бақытжан Базарбек қатысқан жол апаты
15 тамызда Жамбыл облысындағы тасжолда Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбекке қатысты жол-көлік оқиғасы болғаны туралы ақпарат тарады. Оқиға салдарынан ер адам ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілген, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Жамбыл облысының полиция департаменті жол апаты болғанын растады. Ведомство мәліметінше, Toyota көлігін басқарған азамат Б. жолдың жүріс бөлігінде болған ер адамды қағып кеткен. Алайда полиция жүргізушінің толық аты-жөнін жарияламады.
Оқиғаға байланысты Т. Рысқұлов аудандық полициясы қылмыстық іс қозғап, жол апатының мән-жайын анықтауға кірісті.
Бейресми дерек бойынша, бұған дейін тасжолда басқа көлік сиырды қағып кеткен. Бірнеше адам жолдағы малдың өлексесін алып тастамақ болған кезде олардың бірін Toyota көлігі соққан. Аталған автокөлікті депутат Бақытжан Базарбек басқарған деген ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Қазіргі уақытта полиция тергеу жүргізіп, оқиғаның нақты қалай болғанын анықтап жатыр.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз