Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    2°C
    • Астана
      -12°C
Ру

Қазақстанның тұңғыш бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы 85 жасында дүниеден өтті

Фото көзі: Ашық дереккөздерден алынған фото
ZontNews.kz
Қаң. 16, 2026, 9:53 Т.Ж.
0
23

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұңғыш бас мүфтиі, көрнекті діни қайраткер Рәтбек қажы Нысанбайұлы 85 жасында Алланың рақымына бөленіп, дүниеден өтті. Қаралы хабарды жазушы Бейбіт Сапарәлі жеткізді, деп хабарлайды ZontNews.kz

«Ережеп айының соңғы жұма күні, Миғраж кешінен кейін Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі тұңғыш бас мүфтиі, ҚМДБ-ның алғашқы төрағасы Рәтбек қажы Нысанбайұлының бұл пәни дүниедегі соңғы демі үзіліп, Раббысына қайтты. Қызыл террор жылдарында елімізде бар болғаны 29 мешіт қана қалған кезеңнен екі жарым мыңға жуық мешітке жеткен он жылдық бас мүфтилік кезеңде оның атқарған еңбегі орасан. Қазақстан Мәжілісінің депутаты бола жүріп, “Дін туралы” алғашқы заңның қабылдануына да белсене атсалысты. Қажылық сапарларын жүйелеп, мұсылман әлемімен байланыс орнатуға шешімді түрде кірісті. Алғашқы медреселер мен исламдық оқу орындарының негізі де сол жылдары қаланды», – деп жазды Бейбіт Сапарәлі.

Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1940 жылғы 14 қарашада дүниеге келген. Ол – Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш бас мүфтиі, белгілі ғалым, Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры.

Оның басшылығы кезеңінде еліміздегі мешіттер саны 1,5 мыңға дейін артты, Алматы қаласында Орталық мешіт салынды. Сондай-ақ оның бастамасымен Ислам университеті ашылып, Жамбыл облысының Меркі ауылында медресе жұмысын бастады.

Айта кетейік, осыдан төрт күн бұрын, 12 қаңтарда Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Рәтбек қажы Нысанбайұлын ислам дінін насихаттауға, діни білім мен ғылымның дамуына сіңірген ерен еңбегі үшін ҚМДБ-ның ең жоғары марапаттарының бірі – «Шарапат» орденімен марапаттаған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады