Қазақстанда жүздеген ауылды су басу қаупі бар – ТЖМ
Қазақстанда 200-ден астам елді мекенде су тасқыны қаупі сақталып отыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Ведомствоның дерегінше, елде су тасқынына дайындық алдын ала басталған, жоспарланған шаралардың 92%-ы орындалған. 1 наурыздан бастап арнайы жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеп, жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде:
234 елді мекен су басудан қорғалды;
736 елді мекенде қауіп деңгейі төмендеді;
272 елді мекенде қауіп әлі де сақталуда.
Қазіргі таңда су тасқынының шарықтау кезеңі Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында байқалады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Абай облыстары бақылауда.
Наурыз айынан бері Абай облысында үйлерді су басудың 6 дерегі тіркелген, қазір олардың салдары жойылған.
Сондай-ақ:
22 автожолды су басу және 1 жолды су шаю фактісі тіркелген;
13 өңірде әуеден бақылау жүргізіліп, 196 елді мекен қамтылған.
Алдын алу шаралары аясында:
7 млн м³ қар шығарылды;
126 мың тонна жанар-жағармай дайындалды;
374 мың тонна инертті материал әзірленді;
4,5 млн қап қоры жасақталды;
мұз жару жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі уақытта 39 мыңнан астам адам мен 12 мыңнан астам техника тасқынға қарсы дайын тұр. Барлық қызметтер жоғары дайындық режимінде жұмыс істеуде.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз