Сейсенбі, 16 Желтоқсан 2025 г.

$ 518.81
609.28
6.55
  • Алматы
    -5°C
    • Астана
      -9°C
Ру

Қазақстанда белорус блогері Mellstroy-ге іздеу жарияланды

Фото көзі: IG/ @mellstroy
Қаһар Бинахметов
Қар. 17, 2025, 9:09 Т.Ж.
0
26

Қазақстан билігі Беларусь блогері Андрей Буримге (Mellstroy) іздеу жариялады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Астанадағы экономикалық тергеулер департаменті істі 15 қарашада тіркеген. Блогердің әлеуметтік желідегі аудиториясы кең: Instagram-да 3 миллионнан астам, Telegram-да шамамен 1 миллион оқырманы бар. Халық оны тікелей эфирде қызды ұрып, құмар ойындарды насихаттағаннан кейін таныған.

Қазір Mellstroy пәтерлерді ұтысқа шығарып, онлайн құмар ойынды насихаттап отыр. Оның әрекеттері Қазақстандағы азаматтарға да әсер етіп жатыр. Мысалы, Талдықорған тұрғыны жеңіске жету үшін атын «Гейм Меллстрой Серікұлы» деп өзгертсе, Астанадағы бір қатысушы MEGA Silk Way сауда орталығында жартылай жалаңаш жүгіріп, 15 тәулікке қамалған.

Қарашаның басында Минск соты Mellstroy-дың барлық әлеуметтік желідегі арналарын, логотиптерін және таңбаларын экстремистік деп таныған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз