Қазақстанда автонөмірлердегі әріп пен сандарды өзгертуге сұраныс артты
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтарға мемлекеттік тіркеу нөміріндегі әріптер мен сандарды өзгертуге мүмкіндік берілді. Жаңа формат көлік иелері арасында үлкен қызығушылық тудырды. Бұл туралы ZontNews.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.
5 қаңтардан бастап арнайы ХҚКО-ларда жаңа қызметтің іске қосылуына байланысты өтініш саны күрт өскен. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы да халыққа қызмет көрсету орталықтарында келушілер ағыны артқанын мәлімдеді.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі дерегіне сәйкес, қаңтар айында көлік иелерінен 144 329 өтінім түскен. Оның 137 631-і жаңа мемлекеттік нөмір алып үлгерген. Бұл қызметтен бюджетке 5 млрд 952 млн 540 мың 750 теңге кіріс түскен.
Ведомство мәліметінше, ең көп сұранысқа ие «әдемі» нөмірлер бойынша жеке статистика жүргізілмейді.
Айта кетейік, 43 250 теңге төлеу арқылы 123 AZA 01, 321 ERA 02, 069 ARA 03 сынды мемлекеттік тіркеу нөмірлеріне тапсырыс беруге болады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз