Қазақстанда аутизмге шалдыққан 21 мыңнан астам бала бар
Қазақстанда 21 мыңнан астам балаға аутизм диагнозы қойылған. Өкінішке қарай, соңғы бес жылда бұл көрсеткіш бес есе артқан, деп хабарлайды ZontNews.kz qazaqstan.tv. сілтеме жасап.
Аутистік спектрдегі бұзылыстардың нақты себептері әлі толық анықталмаған. Бұл тек медициналық диагноз емес, баланың дамуына, қарым-қатынасына және қоғамға бейімделуіне әсер ететін күрделі жағдай.
Сондықтан 2 сәуір әлемде аутизм туралы ақпарат тарату күні ретінде белгіленген.
Мамандар аутизмді ауру емес, даму ерекшелігі ретінде қарастыру керектігін айтады. Ең бастысы – оны ерте анықтап, дер кезінде түзету жұмыстарын бастау. Себебі көптеген отбасы бұл қиындықпен жалғыз күресіп келеді.
Әлем бойынша әр 100 баланың бірі аутизммен өмірге келеді. Қазақстанда да 21 мыңнан астам бала арнайы есепте тұр. Сарапшылардың пікірінше, диагнозды ерте қою баланың дамуындағы ерекшеліктерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз