Қазақстан келіссөз алаңын ұсынуға дайын
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі басшысының орынбасары Әлібек Бақаев Қазақстан халықаралық жанжалдарды реттеу үшін бейтарап келіссөз алаңын ұсына алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Оның айтуынша, еліміз бұған дейін де күрделі дипломатиялық үдерістерге жағдай жасаған. Атап айтқанда, Алматы қаласында Иран мәселесіне қатысты маңызды келіссөздер өткен. Сондай-ақ Қазақстанда Сирия бойынша сириялық билік пен оппозициялық топтар арасында 20-дан астам келіссөз раунды ұйымдастырылған. Бұл кездесулер әскери қақтығысты тоқтатуға және тараптарды диалогқа тартуға ықпал еткен.
Министр орынбасары Қазақстанның бейтарап әрі сенімді әріптес ретіндегі беделі қалыптасқанын атап өтті. Оның сөзінше, ресми өтініш түскен жағдайда бұл мәселе мұқият қарастырылады. Қазіргі уақытта мұндай өтініштер түспеген.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз