«Қазақмыс» ресми түрде жаңа қожайынның иелігіне өтті
Кәсіпкер Нұрлан Артықбаев «Қазақмыс» корпорациясының активтерін сатып алу мәмілесін ресми түрде аяқтады, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Активтер 2024 жылдың желтоқсанында Астана халықаралық қаржы орталығында тіркелген Qazaq Acquisition Corp. Ltd. компаниясының меншігіне өтті.
Сарапшы Нұрлан Жұмағұловтың дерегінше мәміле аясында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мен онымен байланысты 20-дан астам құрылым ауысқан. Сатылған нысандардың ішінде өндірістік кешендерден бастап Жезқазғандағы медициналық орталық пен апаттық-құтқару қызметі де бар. Тараптар мәміле құнын ашық жарияламағанымен, сарапшылар берілген активтердің жиынтық құнын 2-ден 3 миллиард долларға дейінгі аралықта бағалап отыр.
Нұрлан Артықбаев Forbes тізіміндегі ең дәулетті қазақстандықтардың бірі болып табылады. Ол Qazaq Stroy және Exclusive Qurylys құрылыс холдингтерін басқарады, сондай-ақ «Қазақтелеком» акцияларының 9,19 пайызына ие. 2025 жылдың қарашасында кәсіпкер «Ақтөбе» футбол клубын сатып алды.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз