«Азаматтық борыш»: соғыс құрбандарын еске алу шарасы
«Азаматтық борыш» жобасы аясында 22 маусым – соғыс құрбандарын еске алу күніне орай тағзым ету шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Шара барысында Ауған соғысының ардагерлері Алматы қаласындағы Панфиловшылар саябағында орналасқан Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, ел қорғау жолында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті.
Бұл – Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен атқарып, бейбітшілік жолында құрбан болған ерлердің ерлігін ұлықтауға бағытталған тағылымды шара болды.
Еске алу рәсімі арқылы ардагерлер жас ұрпаққа бейбітшіліктің қадірін ұғындырып, ел тарихын қастерлеудің, ерлік пен отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын көрсетті.
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа өнеге.
Бейбітшілік – баршаға ортақ ең қымбат құндылық.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз