Қазақ-қытай шекарасындағы шектеу: Автокөлік өткізу бекеттері үш күнге жабылады
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пункттері 2026 жылғы 16-18 ақпан аралығында жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан мәліметке сәйкес бұл шешім Қытайдағы Көктем мерекесін (Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл) тойлауға байланысты қабылданып отыр.
Шектеу кезеңінде автокөлік өткізу бекеттері арқылы жеке тұлғалардың өтуіне, сондай-ақ көлік құралдары мен жүктерді тасымалдауға рұқсат берілмейді. Сонымен қатар бұл өзгерістер теміржол қатынасына әсер етпейді. Шекарадағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастыра береді.
Мемлекеттік органдар сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен шекарадан өтуді жоспарлаған азаматтарға бағыттарын алдын ала айқындап алуды ескертеді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз