Сейсенбі, 16 Желтоқсан 2025 г.

$ 518.81
609.28
6.55
  • Алматы
    -5°C
    • Астана
      -9°C
Ру

Қазақ мәдениетінің ірі тұлғасы Ғалым Доскен өмірден озды

Фото көзі: видеодан кадр
Қаһар Бинахметов
Қар. 11, 2025, 12:22 Т.Қ.
0
20

Белгілі филолог, әдебиет сыншысы, режиссер және сценарист, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының бұрынғы басшысы Ғалым Доскен 65 жасында өмірден озды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Ғалым Доскен қазақ мәдениеті мен журналистикасының дамуына елеулі үлес қосқан тұлға еді. Ол 1960 жылы 19 шілдеде дүниеге келіп, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген.

2001–2002 жылдары «Қазақстанның республикалық теле және радио корпорациясы» басқарма төрағасының бірінші орынбасары, ал 2002–2006 жылдары «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды. 2007 жылдан бастап «Ел» продюсерлік орталығының көркемдік жетекшісі болды.

Қаралы хабарды «Қазақстан» телерадиокорпорациясының бас редакторы Болат Мүрсәлім өзінің парақшасында жариялады. Ол жазбасында былай деп жазды:

«Қашан көрсең жайдары, сөйлегенде қазақтың әні мен күйін, ұлттық дүниесін түгендеп отыратын Ғалым ағамыз өмірден өтіпті. Ғалым ағадай парасатты жанды жолықтырдым ба, білмеймін. Қабағы қату көрінгенімен, жүрегі баладай таза, бауыр-қарындастарына әкедей қамқор адам еді».

Ғалым Доскен «Сәулені күту», «Ұлы дала астаналары», «Маңғыстау қабірлерінің түсі», «Жоғалған жарық хроникасы» сияқты деректі фильмдердің авторы. Сондай-ақ ол «Тоғыз құйрықты ақ түлкі», «Сиқырлы флейта», «Билейтін құс» кітаптарын жазған және «Жезтырнақ» балетінің либреттосын да өзі жазған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз