Қаңтар оқиғасы: Дикий Арманның жазасы өзгеріссіз қалды
Апелляциялық сот Дикий Арман ісі бойынша үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Сот шешімімен Дикий Арман, бұрынғы мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген және ҰҚК-ның бесінші департаментінің экс-басшысы Руслан Ысқақовқа тағайындалған жазалар жеңілдетілмеді. Алғашқы сот оларды жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және қатысу, адамдарды ұрлау және қаруды заңсыз сақтау қылмыстары бойынша кінәлі деп таныған. Нәтижесінде Дикий Арман 20 жылға, Құдайберген сегіз жылға, Ысқақов 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Дикий Арманның адвокаты Олег Чернов сот шешімімен келіспейтінін айтты: «Апелляциялық инстанция бірінші инстанция сотының үкімін өзгертуге немесе күшін жоюға әсер ететін уәждерді қайта тексерген жоқ. Біз көрсеткен құқықбұзушылықтар бойынша түсіндірмелерді түпкілікті қаулыдан көретін боламыз. Бірақ сот түсіндіру барысында ештеңе айтпады. Процессуалдық жағынан да көптеген бұзушылықтар болды».
Еске салсақ, 20 қарашада Алматыдағы СИ-18 изоляторында Қаңтар оқиғасы бойынша айыпталған 29 адамға үкім шыққан. Сот жабық өтті, ал жазалар 1–18 жыл аралығында тағайындалған.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз