Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    12°C
    • Астана
      15°C
Ру

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады

Фото көзі: Фото: Акорда
ZontNews.kz
Сәуір 6, 2026, 6 Т.Қ.
0
21

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдап, агенттік қызметінің негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде тыңдадыдеп хабарлайды ZontNews.kz

Жанат Элиманов бюджет шығыстарына жүргізілген мониторинг барысында мал шаруашылығына бөлінген 30 миллиард теңге субсидияны тиімсіз пайдалану тәуекелдері анықталғанын айтты.

«Ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық нәтижелерді коммерцияландыруға бағытталған 10 миллиардтан аса теңгені мақсатсыз жұмсау белгілері айқындалды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын жымқыру фактілері бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталды, ал құрылыс саласында 5,3 миллиард теңгені заңсыз иемденбек болғандарға қатысты 21 қылмыстық іс қозғалды», – деді Элиманов.

Төраға алаяқтық әрекеттердің алдын алу бойынша 17 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылғанын және банктер мен байланыс операторларының атын жамылып, арнайы құрылғылар арқылы жаппай фишингтік SMS-хабарламалар таратқан топ әшкереленгенін хабарлады.

«Жалпы аудиториясы 25 мыңнан асатын 3,7 мың алаяқтық сайт және 22 топтық чат жабылды. 400-ден астам жалған құрылыс компаниясының заңсыз түрде бірінші санаттағы лицензия алуына жол берілген жоқ», – деді ол.

Сонымен қатар қылмыстық табыстарды жылыстатуға қарсы күрес саласында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Атап айтқанда, заңсыз схемаларда қолданылған дроп-карталарға қатысты 14 сотқа дейінгі тергеу басталып, олардың есепшотындағы қаржының жалпы айналымы 13 миллиард теңгеден асқан.

«Көлеңкедегі» тұлғаларға рәсімделген 68 мыңнан астам карта бұғатталды. Жалған компаниялар мен құжаттарды пайдалану фактілері бойынша 23 іс тіркеліп, келтірілген залал шамамен 13 миллиард теңгені құрады.

Қаржылық пирамидалар, онлайн-казино және алаяқтықтан түскен табысты жылыстатумен айналысқан 3 жасырын криптоайырбастау қызметінің жолы кесілді. Криптовалюта айырбастауға қатысты заңсыз онлайн сервистерге кіруге арналған 483 сілтеме жойылды.

Мемлекет басшысы агенттіктің негізгі бағыттары бойынша нақты тапсырмалар берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз