Астанада үйдің қасбеті құлаған кезде жарақат алған фельдшер өмірден озды
8 қарашада Астанадағы Тәуелсіздік даңғылындағы тұрғын үйдің қасбетінен құлаған кірпіш қаптамасы мен кондиционерлік қондырғы салдарынан жарақат алған жедел жәрдем фельдшері қайтыс болды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Құлаған заттар астында қалған 23 жастағы фельдшер ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірі үшін бірнеше күн күресті. Медициналық мекеме өкілдері марқұмды өз ісіне адал, батыл және адам өмірін құтқаруды бірінші орынға қойған маман деп сипаттады.
«Ол соңғы сәтіне дейін қызметте болып, көмекке мұқтаж адамдардың жанында болды», – деді медициналық мекеме.
Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов оның әрекетін жоғары бағалады.
Марқұм оқиға күні таңғы 10:30 шамасында әріптестеріне көмектесу үшін оқиға орнына барған. Жолдасы Әділет Зейнештің айтуынша, Ұлдана екі адамды алып шығып үлгерген, ал үшіншісін көтеріп жатқанда, жоғарыдан кондиционер құлап, басына соққан.
Фельдшер бес жыл бойы осы салада қызмет атқарған және бірнеше апта бұрын шаңырақ көтерген.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз