Астанада бір келіден астам мефедрон тәркіленді
Астанада есірткі сақтап, таратты деген күдікпен 27 жастағы қыз ұсталды. Жедел іс-шара барысында оның көлігінен және жасырылған жерлерден бір келіден астам мефедрон тәркіленді, деп хабарлайды ZontNews.kz. 24KZ. сілтеме жасап.
Полиция күдікті басқарған көлікті тоқтатып, салоннан жол сөмкесін тапқан. Оның ішінен ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған 20 орама тәркіленді. Сараптама олардың мефедрон екенін көрсетті.
Сонымен қатар күдіктінің жеке тінтуі кезінде тағы бір орама табылған. Кейін ол бұған дейін тағы үш орама жасырған жерін көрсеткен.
Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы бір келіден асқан. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция есірткі заттарын сақтау, тасымалдау және өткізу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті. Құқық қорғау органдары азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына қатысты белгілі болған фактілерді полицияға хабарлауға шақырды.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз