Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    3°C
    • Астана
      -11°C
Ру

Астанада қаза тапқан Ұлдана Мырзуанға арналған ескерткіш тақта орнатылды

Фото көзі: gov.kz
Қаһар Бинахметов
Жел. 25, 2025, 5:22 Т.Қ.
0
20

Астанада қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының ғимаратында өткен салтанатты шараға денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен марқұмның туыстары қатысты.

Министр өз сөзінде Ұлдана Мырзуанның кәсіби біліктілігі мен адалдығы отандық медицина қауымдастығы үшін жоғары үлгі екенін атап өтті.

«Ұлдана Қалдарханқызы жас болса да, кәсіби адалдығымен танылып, шұғыл жағдайларда дербес шешім қабылдай алатын білікті маманға айналды. Оның есімі отандық медицина тарихында мәңгі қалады» – деп мәлімдеді Ақмарал Әлназарова.

Жас маманның есімін ұлықтау мақсатында ол білім алған «Даналық» колледжінде арнайы аудитория ашылды. Ұлдана Мырзуан 2021 жылдан бастап өмірінің соңына дейін елордалық жедел жәрдем қызметінде еңбек етті. Ол биылғы жылдың 18 қарашасында жұмыс үстінде алған ауыр жарақаты салдарынан ауруханада қайтыс болған еді.

Ескерткіш тақта алдына гүл шоқтары қойылып, Шейх Кунта қажы мешітінің бас имамы Бекқожа Өмірзақ марқұмның рухына Құран бағыштады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады