Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    2°C
    • Астана
      -12°C
Ру

АҚШ-та Қазақстанның үш тумасы ең қауіпті қылмыскерлер тізіміне енді

Фото көзі: скриншот
Қаһар Бинахметов
Жел. 26, 2025, 11:21 Т.Ж.
0
19

Америка Құрама Штаттарының ішкі қауіпсіздік департаменті (DHS) ел аумағынан депортациялануы тиіс ең қауіпті шетелдік қылмыскерлердің тізімін жариялады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Ресми мәліметке сәйкес Вашингтон әкімшілігі жасақтаған бұл тізімге Қазақстанның үш тумасы енгізілген.

Министр Кристи Ноэмнің жетекшілігімен Ішкі қауіпсіздік департаменті мен Иммиграциялық қызмет (ICE) президент Трамптың сайлауалды уәдесін орындау шеңберінде заңсыз иммигранттарды жаппай елден шығару шараларын бастады. Бұл науқан барысында алдымен ауыр заң бұзушылықтарға жол берген және бұрын сотты болған тұлғалар депортацияланады.

Тізімге енген Джафар Дадаев Алабама штатындағы Бруклин қаласында ұсталды. Оған адамға шабуыл жасау және бөтеннің мүлкін жымқыру айыптары тағылған. Тағы бір күдікті Исломдин Искандаров Флорида штатында ұрлық жасағаны үшін айыпталып отыр. Ал Орегон штатында Юрий Коротких қару айналымына қатысты заңнаманы бұзды деген күдікке ілінді.

«Біз президент Трамптың уәдесін орындай отырып, жаппай депортациялау науқанын ең алдымен ауыр қылмыстық өткені бар тұлғалардан бастадық» – деп мәлімдеді АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі.

Қазақстанның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше аталған азаматтарға отандық юрисдикцияда іздеу жарияланбаған. Оларға қатысты қылмыстық істер мен айыптаулар тек АҚШ құқық қорғау органдарының құзыретінде қаралуда.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады