Сейсенбі, 16 Желтоқсан 2025 г.

$ 518.81
609.28
6.55
  • Алматы
    -4°C
    • Астана
      -9°C
Ру

АҚШ пен Ресей Украинадағы соғысқа қатысты құпия жоспар қарастырып жатыр

Фото көзі: Andrew Harnik / Getty Images
Қаһар Бинахметов
Қар. 20, 2025, 9:16 Т.Ж.
0
16

АҚШ пен Ресей Украинадағы соғысты тоқтату үшін құпия түрде ауқымды жоспар дайындап жатырі, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Келіссөздер жабық форматта өтуде. 28 тармақтан тұратын жоспарда төрт негізгі бағыт бар: соғысты тоқтату, қауіпсіздік кепілдіктерін айқындау, Еуропадағы тұрақтылықты күшейту және Вашингтонның Мәскеумен және Киевпен келешектегі қатынастарын қалыптастыру.

Құжатты әзірлеуге АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф қатысып отыр. Қазан айында ол Майамиде Кремль өкілі Кирилл Дмитриевпен үш күн бойы келіссөздер жүргізген.

Ресей президентінің арнайы өкілі бұл кездесулердің бейбітшілік пен экономикалық ынтымақтастыққа ықпал еткенін айтқан.

Кейін ақпарат құралдарында жоспардың ықтимал тармақтары жария болды. Financial Times анонимді дереккөздерге сүйеніп, ұсыныстар қатарында мыналардың бар екенін хабарлады:

Донбастың қалған бөлігін тапсыру және Украина әскерін қысқарту;

орыс тіліне ресми мәртебе беру;

Мәскеу Патриархатының шіркеуін мойындау;

АҚШ әскери көмегін азайту;

шетелдік әскерлерді орналастырмау.

19 қарашада Украина басшысы Түркияға барып, келіссөздерді қайта жандыру мәселесін талқылады. Анкарада өткен кездесуден кейін Ердоған тараптарды диалогқа оралуға шақырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз