Сенбі, 14 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -2°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Арыстағы қайғылы жол апаты: үш адам қаза тапты

Фото көзі: Ulysmedia.kz коллажы
ZontNews.kz
Маусым 9, 2026, 12:05 Т.Қ.

Түркістан облысының Арыс қаласында жеңіл көлік тұрғын үйдің ауласына кіріп кетіп, салдарынан үш адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды. Бұл туралы ZontNews.kz хабарлайды.

Қайғылы оқиға кезінде аулада отырған алты адамды көлік қағып кеткен. Қаза болғандардың арасында 30 жастағы әйел мен екі кішкентай бала бар. Әйел ауруханаға жеткізіліп бара жатқан жолда көз жұмған.

Алдын ала мәлімет бойынша, көлікті 52 жастағы әйел басқарған. Оның мас күйде болғаны анықталған. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші апаттан кейін оқиға орнынан кетуге әрекет жасаған.

Қазір екі зардап шеккен адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Олардың бірі – бір жарым жасар бала, дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалауда.

Белгілі болғандай, қаза тапқан әйел мен жарақат алған көршісі балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеген. Ал көлік жүргізген әйел мектеп мұғалімі екені хабарланды.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз