Аптап ыстық астық бағасына әсер етуі мүмкін
Қазақстанда бидай бағасы қымбаттап жатыр, ал экспорт көлемі әлі де төмен деңгейде қалып отыр. Сарапшылардың айтуынша, егінге аптап ыстықтың әсері де күшейіп келеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Соңғы бір аптада бидайдың негізгі түрлері тоннасына орта есеппен 1 мың теңгеге қымбаттаған. Мамандар мұны шаруалардың бір бөлігі былтырғы өнімді сатып үлгерсе, қалғандарының бағаның одан әрі өсуін күтіп отырғанымен байланыстырады.
Сонымен қатар астық экспорты маусымдық факторлар, экспорттың төмен табыстылығы және теміржолдағы жөндеу жұмыстарына байланысты баяу жүріп жатыр.
Өткен аптада еліміздің солтүстік өңірлерінде ауа температурасы 33–36 градусқа дейін көтеріліп, кей жерлерде топырақтың қызуы 65 градусқа жеткен. Соның салдарынан өсімдіктер күйзеліске ұшырап, ылғал тапшылығы байқалған.
Сарапшылардың бағалауынша, аптап ыстық биылғы егіннің жай-күйіне кері әсер еткен. Дегенмен демалыс күндері жауған жаңбыр жағдайды біршама жақсартуы мүмкін.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз