Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.85
513.27
5.31
  • Алматы
    24°C
    • Астана
      21°C
Ру

Алматы облысында әйел көз жұмды

Фото көзі: : nemolchikz_official
ZontNews.kz
Там. 19, 2026, 6:20 Т.Қ.

Алматы облысында күйеуімен болған отбасылық жанжалдан кейін әйел өзіне қол жұмсады. Марқұмның артында екі жасар егіз балалары қалды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

«НеМолчиKZ» қорына жүгінген марқұмның әпкесінің айтуынша, 23 шілдеде ерлі-зайыпты арасында жанжал болған. Туысының сөзінше, сол кезде әйелдің күйеуі оны ұрып, қолын сындырған. Марқұм бұл жағдайды жақындарына бірден айтпаған.

Әпкесінің мәлімдеуінше, әйел қайтыс болардан бір сағат бұрын болған жағдайды айтып, егіз балаларын туысының қамқорлығына қалдырған. 26 шілдеде ол көз жұмған.

Алматы облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісімен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Қазір тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр. Полиция тараптардың уәждері тексеріліп, тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданатынын мәлімдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз