Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -1°C
    • Астана
      -1°C
Ру

«Алаяқтар» фильмі Мәскеу көрермендеріне ұсынылды

Фото көзі: : gov.kz
ZontNews.kz
Там. 21, 2026, 5:40 Т.Қ.

Қаржы пирамидалары, жасырын колл-орталықтар мен цифрлық қылмыстарды арқау еткен қазақстандық «Алаяқтар» криминалдық драмасының Мәскеуде көрсетілімі өтті. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі жазды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Көрсетілімнен кейін фильм көрермендердің оң бағасына ие болды. Көпшілік туындының шиеленісті сюжетіне және онда көтерілген мәселенің өзектілігіне ерекше назар аударған.

Елшілік мәліметінше, толықметражды фильм қылмыстық схемалар мен қаржы пирамидалары туралы танымал сериалдың жалғасы саналады. Туынды қазіргі цифрлық алаяқтықтың қалай ұйымдастырылатынын және қылмыскерлердің адамдарды алдау үшін қандай психологиялық тәсілдерді пайдаланатынын көрсетеді.

Фильмнің сценарисі, продюсері әрі басты рөлді сомдаған Рүстем Омаров туындының идеясы жеке өміріндегі оқиғадан кейін туғанын айтты. Оның сөзінше, алаяқтар анасын алдауға әрекеттенген.

– Бұл Қазақстан үшін ғана емес, Ресей мен бүкіл посткеңестік кеңістік үшін де өте өзекті мәселе. Алаяқтар – мықты психологтар. Олар үнемі жаңа схемалар ойлап табады. Сондықтан әр адам қырағы болып, олардың айла-амалдарына алданбауы керек, – деді Рүстем Омаров.

Олжас Нұрбай фильмді, ең алдымен, 50 жастан асқан аға буын өкілдері көруі қажет деп есептейді. Оның айтуынша, үлкендердің адамдарға сеніммен қарауы мен ашық мінезін қылмыскерлер өз мақсатына жиі пайдаланады.

Сондай-ақ ол қазақстандық киноның Ресейде сұранысқа ие болуын туындылардың шынайылығымен, өмірмен байланысымен және екі елдің қоғамына да ортақ мәселелерді көтеруімен түсіндірді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз