Сейсенбі, 16 Желтоқсан 2025 г.

$ 518.81
609.28
6.55
  • Алматы
    -5°C
    • Астана
      -9°C
Ру

Алғабаста өрт 12 адамның өмірін қиды

Фото көзі: әлеуметтік желі
Қаһар Бинахметов
Қар. 18, 2025, 11:12 Т.Ж.
0
14

Түркістан облысының Алғабас ауылында жеке үйден шыққан өрт 12 адамның өмірін қиды. Қаза тапқандардың тоғызы бала екені хабарланды, деп жазады ZontNews.kz.

Өрт туралы ақпарат таңертең түсті. Құтқарушылар жеткен кезде үй толықтай өртеніп жатқан. Тексеру барысында 12 адамның денесі табылды. Үш адам ес-түссіз күйде тысқа шығарылып, ауруханаға жеткізілді.

Көршілердің айтуынша, өрт болған үйде қонақтар болған. Өрт 360 шаршы метр аумақта сөндірілді. Тергеу басталды, өрттің себебі анықталып жатыр.

Қаза тапқандардың аты-жөндері ресми түрде жарияланды:

Үйдің иесі – Шойбеков Дауренбек Талғатбекович, 15.10.1991 ж.т.

Жұбайы – Амантурдиева Динара Кадирбекқызы, 10.01.1994 ж.т.

Қызы – Талғатбек Дана Дауренбекқызы, 22.07.2017 ж.т.

Қызы – ТалғатбекАлуа Дауренбекқызы, 18.03.2019 ж.т.

Ұлы – Талғатбек Алихан Дауренбекұлы, 19.02.2021 ж.т.

Ұлы – Талғатбек Амирхан Дауренбекұлы, 19.02.2021 ж.т.

Ұлы – Талғатбек Алишер Дауренбекұлы.

Дәуренбектің ағасы Олжасбектің жұбайы – Умирзахова Маржан Алдьяровна, 08.01.1990 ж.т.

Қызы – Талғатбек Жансая Олжасбекқызы, 16.01.2009 ж.т.

Ұлы – Талғатбек Ассабур Олжасбекұлы, 06.12.2010 ж.т.

Ұлы – Талғатбек Мұхит Олжасбекұлы, 05.09.2012 ж.т.

Қызы – Талғатбек Раяна Олжасбекқызы, 20.03.2024 ж.т.

Ауруханаға жеткізілгендер: 

Дауренбектің анасы – Түргелдиев Гүлжамилә Сейдахановна 22.06.1964 ж.т.

Дауренбектің ағасы – Шойбеков Олжасбек Талғатбекович.

Олжасбектің қызы – Талғатбек Жасмин Олжасбекқызы, 16.01.2009 ж.т.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, облыс басшылығына толық тексеру жүргізуді және қажетті көмекті ұйымдастыруды тапсырды.

Балалар омбудсмені Динара Закиева «үйде екі отбасы тұрған, ата-аналар мен балалар бірге болғанын» мәлімдеді. Оқиға орнына өңірлік уәкіл мен психологтар жіберілді.

Полиция өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз