Ақтөбеде аутизмі бар баланың құлауына қатысты дау шықты
Ақтөбеде ерекше қажеттілігі бар бес жасар баланың ата-анасы жекеменшік мектеп қызметкерлерін жауапқа тартуды талап етті. Олардың айтуынша, аутизмге шалдыққан ұлын үзіліс кезінде басқа бала баспалдақтан итеріп жіберген, деп хабарлайды ZontNews.kz. КТК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға «Мозаика» мектебінде болған. Бейнебақылау жазбасында баланың баспалдақтан құлағаны көрінеді. Салдарынан ол басы, иығы мен арқасынан жарақат алған.
Ата-анасының сөзінше, мектеп әкімшілігі жедел жәрдем шақырмаған және болған жағдай туралы бірден хабарламаған. Анасы бұл туралы баласын алып кетуге келгенде ғана білген.
Оқиғадан кейін баланың мінез-құлқы өзгеріп, қорқынышы күшейгенін, жиі жылайтынын және өзін бұрынғыдай ұстамай қалғанын ата-анасы айтты. Сондай-ақ олар полиция алғашында арызды қабылдаудан бас тартқанын мәлімдеді.
Ал Ақтөбе облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша жан-жақты тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Бейнежазбалар зерттеліп, тексеру нәтижесіне сәйкес білім басқармасына тиісті ұсыныс жолданбақ.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз