Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    26°C
    • Астана
      20°C
Ру

«Ақ жолды» алғаш рет әйел басқарды

Фото көзі: : parlam.kz
ZontNews.kz
Маусым 15, 2026, түсқайта

Астанада өткен «Ақ жол» демократиялық партиясының кезектен тыс съезінде Дәния Еспаева партияның жаңа төрайымы болып сайланды. Делегаттардың басым бөлігі оның кандидатурасын қолдап дауыс берді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Осылайша Дәния Еспаева партия төрағасы қызметінен өз еркімен кеткен Азат Перуашевтың орнына келді. Съезд барысында Перуашев оның кандидатурасын ұсынып, «Ақ жолдың жарқын жұлдызы» деп атады.

Дәния Еспаева Қазақстандағы ресми тіркелген саяси партияны басқарып отырған алғашқы әйел атанып отыр. Ол бұған дейін партия төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Сондай-ақ 2019 жылы Қазақстан тарихында президенттік сайлауға түскен алғашқы әйел кандидат ретінде танылған.

Жаңа төрайым Ақтөбе облысында дүниеге келген. Экономикалық білім алған ол еңбек жолын банк саласында бастап, 34 жыл қаржы жүйесінде жұмыс істеді. Оның 17 жылы басшылық қызметтерде өтті. Әр жылдары БТА Банкі мен Қазкоммерцбанктің Ақтөбедегі филиалдарын басқарған.

Саясатқа келгенге дейін екі мәрте Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты болған. 2016 жылы «Ақ жол» партиясының тізімімен Мәжіліске сайланып, Қаржы және бюджет комитетінде еңбек етті. Ал 2023 жылдан бері Мәжіліс төрағасының орынбасары қызметін атқарып келеді.

Депутаттық қызметінде Дәния Еспаева шағын және орта бизнесті қолдау, қаржы саясаты, әлеуметтік мәселелер мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тақырыптарын жиі көтеріп жүр. Оның партия төрағасы болып сайлануы «Ақ жол» партиясы тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз