Айзат Жұманованың өлімі: күйеуі өз қолымен ауруханаға жеткізген
Жетісу облысында Айзат Жұманованың өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Биыл шілдеде Баласаз ауылында 32 жастағы әйел ауыр соққы мен азаптау салдарынан көз жұмған.
Тергеу материалдарына сәйкес, Айзат Жұманова мен оның жұбайы Айбар Жанболат жанжалдан кейін бір-бірінің телефондарын сындырып, шамамен он бес күн байланыссыз тұрған. Осы кезеңде ерлі-зайыптылар сөйлеспеген.
22 маусымда мас күйде болған Айбар Жанболат әйелін далаға шығарып, ұрған. Тергеу дерегінде Жұманова «соққыны тоқтатуды» сұрағаны көрсетілген. Алайда күйеуі әрекетін жалғастырып, оның басынан ұрып, есінен тандырған.
Кейін ер адам ауыр жарақат алған әйелін өзі ауруханаға жеткізген. Айзат Жұманова Талдықорғандағы облыстық ауруханаға түскенімен, реанимация бөлімінде қайтыс болды.
Айбар Жанболатқа Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша «Кісі өлтіру» айыбы тағылған.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз