Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      20°C
Ру

67 мың шетелдікке негізсіз зейнетақы төленген

Фото көзі: Коллаж Ulysmedia
ZontNews.kz
Маусым 3, 2026, 4:10 Т.Қ.

Қазақстанда қате және негізсіз аударылған зейнетақы төлемдерінің 6 миллиард теңгеге жуығы әлі күнге дейін мемлекетке қайтарылмаған, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Жоғары аудиторлық палатаның тексеруі барысында 2020-2024 жылдары 67 мың шетелдік азаматқа жалпы сомасы 20,9 млрд теңге көлемінде зейнетақы заңсыз төленгені анықталған.

Қазіргі уақытта олардың 13,9 млрд теңгесі мемлекет бюджетіне қайтарылған. Алайда тағы 4 400 азамат бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Олардың мемлекет алдындағы берешегі шамамен 6 млрд теңгені құрайды.

Министрдің сөзінше, заңсыз төлемдер қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен немесе Қазақстаннан тұрақты түрде көшіп кеткен азаматтардың атына аударылған жағдайларды қамтиды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз