Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -1°C
    • Астана
      -1°C
Ру

28 млн теңге жымқырған күдікті экстрадицияланды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Маусым 29, 2026, 6:20 Т.Қ.

Албанияда ұсталған Қазақстан азаматы Бас прокуратураның сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Бұл туралы ZontNews.kz. Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

Ол Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау және жоғары оқу орнына кепілді түрде оқуға түсіру қызметін ұсынамын деп 32 адамды алдап, 28 миллион теңгеден астам қаржыны иемденді деген күдікке ілінген.

Тергеу мәліметінше, күдікті 2022–2023 жылдары интернет арқылы жалған қызмет ұсынып, азаматтардың сеніміне кірген. Қылмыс жасалғаннан кейін шетелге қашып, халықаралық іздеуге жарияланған.

2025 жылдың мамырында ол Албанияда ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасы, ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы және Қазақстанның Албаниядағы Елшілігінің қолдауымен елге жеткізілді.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған айып бойынша мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз