2026 жылғы мамырдағы демалыс күндері: толық күнтізбе
2026 жылдың мамыры Қазақстанда жұмыс күндерінің саны ең аз айлардың бірі болмақ. Ел тұрғындарын мерекелерге байланысты бірнеше ұзақ демалыс күтеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
2026 жылғы мамырда қалай демаламыз
2026 жылғы мамыр айында қазақстандықтар әдеттегіден көбірек демалады. Бұған мемлекеттік мерекелер мен демалыс күндерінің ауысуы себеп.
Бес күндік жұмыс аптасында:
– 14 күн демалыс
– 17 жұмыс күні
Алты күндік жұмыс аптасында:
– 9 күн демалыс
– 22 жұмыс күні
Мамырдағы мерекелік күндер:
– 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні (жұма);
– 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні (бейсенбі);
– 9 мамыр – Жеңіс күні (сенбі, демалыс 11 мамырға ауыстырылады);
– 27 мамыр – Құрбан айт (сәрсенбі).
Мамыр мерекелерінде демалыс қалай болады
Бірлік күніне байланысты:
– бес күндік аптада: 1, 2, 3 мамыр – демалыс;
– алты күндікте: 1 және 3 мамыр – демалыс, 2 мамыр – жұмыс күні.
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай:
– бес күндік аптада: 7, 9, 10, 11 мамыр – демалыс;
– алты күндікте: 7, 9, 10 мамыр – демалыс;
– 8 мамыр – жұмыс күні.
Құрбан айт 27 мамырға түседі. Бұл күн жұмыс кестесіне қарамастан демалыс болады.
Қосымша мерекелер
Мамыр айында мемлекеттік мерекелерден бөлек кәсіби және атаулы күндер де атап өтіледі:
– 10 мамыр – Аналар күні;
– 17 мамыр – Байланыс қызметкерлері күні;
– 20 мамыр – Метрология қызметкерлері күні;
– 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні;
– 31 мамыр – Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні;
– 31 мамыр м Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Осылайша, мамыр айы жұмыс күндері ең аз кезеңдердің бірі болмақ.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз