Сенбі, 21 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -2°C
Ру

2026 жыл – Қазақстан мен Қытайдың мәдениет жылы

Фото көзі: Информбюро
ZontNews.kz
Ақп. 26, 2026, 4:10 Т.Қ.
0
20

2025 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық жаңа қарқын алып, екі ел қалалары арасында бірнеше тікелей әуе рейсі іске қосылды. Бұл туралы Алматыда өткен Көктем мерекесі аясында Қытай Халық Республикасының Алматыдағы бас консулының міндетін атқарушы Люй И мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz Информбюро сайтына сітеме жасап.

Оның айтуынша, Қытай мен Қазақстан арасындағы экономикалық, мәдени және туристік байланыстар жыл сайын нығайып келеді. Қытайдың әлемдік экономикаға қосып отырған үлесі шамамен 30 пайызды құрайды, ал «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы сауда айналымы өсім көрсетіп отыр. Визасыз режим мен сапарларды жеңілдету шараларының арқасында Қытайға келетін шетел азаматтарының саны да артып келеді.

Люй И 2025 жылдың екі ел қарым-қатынасында маңызды оқиғаларға толы болғанын атап өтті. Атап айтқанда, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин «Қытай – Орталық Азия» екінші саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келсе, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және тарихи мерейтойларға орай Қытайға сапар жасаған.

Дипломаттың сөзінше, екі ел басшыларының стратегиялық жетекшілігімен Қытай мен Қазақстан арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік жаңа мазмұнмен толығып келеді. Дәстүрлі салалармен қатар, трансшекаралық электронды сауда, «жасыл» ауыл шаруашылығы, жоғары технологиялар мен білім беру бағыттарындағы бірлескен жобалар белсенді дамуда.

Сондай-ақ 2025 жылы ашылған жаңа әуе бағыттарынан бөлек, алдағы уақытта тағы да бірқатар тікелей рейс іске қосу жоспарланып отыр. Бұл өзара сапарлар мен туристік алмасуды одан әрі жеңілдетпек.

Люй Идің айтуынша, 2026 жыл Қытай үшін он бесінші бесжылдық даму бағдарламасының басталуымен қатар, Қазақстан мен Қытайдың ортақ Мәдениет жылы болып жарияланады. Осы кезеңде екі елде ауқымды гуманитарлық және мәдени іс-шаралар өткізу көзделген.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз