Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    3°C
    • Астана
      -11°C
Ру

1,9 миллиард теңге шығын: Батыс Қазақстанда жоғары лауазымды шенеунік ұсталды

Фото көзі: Видеодан кадр
Қаһар Бинахметов
Қаң. 12, 2026, 1:39 Т.Қ.
0
21

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарларды заңсыз әкелумен айналысқан қылмыстық желінің жолын кесті, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Арнайы операция барысында Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер департаменті басқарма басшыларының бірі мен елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.

Тергеу нұсқасы бойынша күдіктілер пара үшін шетелдіктерге халық тұтынатын тауарларды ел аумағына кедергісіз әкелуге көмектескен. Құқық қорғау органдары олардың жалпы сомасы 100 миллион теңгеден астам пара алғанын құжаттады. Алдын ала есептеулерге сәйкес мемлекетке келген шығын көлемі 1,9 миллиард теңгені құрап отыр.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды» – деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі.

Бұл іс комитеттің 2025 жылғы жемқорлықпен күрес қорытындысы аясындағы ірі операцияларының бірі болып табылады. Өткен жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті 895 адамның заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды. Ведомство мәліметінше жалпы 1 052 қылмыстық іс қозғалып, оның 969-ы бойынша тергеу аяқталды, ал 860 материал сотқа жолданды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады