15 жастағы қазақ ойыншысы «Барселонаға» өтті
15 жастағы қазақстандық футболшы Кәрім Меңдіқанов Испанияның әйгілі FC Barcelona клубымен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап ZontNews.kz хабарлайды.
Ақпаратқа сәйкес, испандық балалар-жасөспірімдер футболы халықаралық таланттарды тартуды жалғастырып жатыр. Солардың бірі – 2011 жылы туған қазақстандық жас ойыншы Кәрім Меңдіқанов. Ол келесі маусымда каталондық клубтың жүйесіне қосылады.
Кәрім Испанияға 2022 жылы көшіп барып, сол уақыттан бері жергілікті командаларда жаттығып келеді. Өткен маусымда ол аймақтық лигада «Серданьола» сапында өнер көрсетсе, биыл «Сант-Кугат» клубына ауысып, команданың көшбасшыларының біріне айналған.
Дәл осы кезеңде оның ойынын ірі клубтардың скауттары байқап, нәтижесінде жас футболшы FC Barcelona клубының назарын аударды.
Айта кетейік, Кәрім Меңдіқанов – «Барселонамен» келісімшартқа отырған алғашқы қазақ футболшысы.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз