14 қалада ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 23 қыркүйекте Қазақстанның 14 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Күндіз Павлодар, Петропавл, Көкшетау, Ақтөбе және Алматы қалаларында ауа сапасының төмендеуі болжанды. Ал түнде Қостанай, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау және Астана қалаларында осындай жағдай күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайда әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия салдарынан атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттар жиналуы ықтимал. Соның әсерінен ауа сапасы уақытша нашарлайды.
Мамандар тұрғындарға далада ұзақ жүрмеуге, әсіресе көлік көп жүретін жолдар мен ауаны ластайтын нысандарға жақын жерлерден аулақ болуға кеңес береді. Балалар мен жүкті әйелдердің ұзақ серуендеуін шектеген жөн.
Тыныс алу және жүрек-қан тамырлары аурулары бар, сондай-ақ аллергиядан зардап шегетін адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өздерімен бірге алып жүру ұсынылады. Даладағы дене жаттығуларын азайтып, спортпен жабық ғимараттарда айналысқан дұрыс.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз