11 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
11 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Синоптиктер жаңбыр, найзағай және жел күшейетінін болжап отыр, деп хабарлайды ZontNews.kz.
«Қазгидромет» мәліметінше, жұма күні елдің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-батыс пен оңтүстік-батыста нөсер жаңбыр жауу ықтималдығы жоғары.
Ал Қазақстанның солтүстік-шығысы, шығысы және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Сонымен қатар батыс және солтүстік өңірлерде тұман түсіп, солтүстік пен орталық облыстарда дауыл тұруы ықтимал. Елдің оңтүстігі мен солтүстігінде шаңды дауыл соғуы мүмкін.
Синоптиктер республика аумағында желдің күшейетінін де ескертті.
Алматы және Жетісу облыстарында ауа температурасы +36...+37°С-қа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады деп болжанып отыр.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз